Главное

«12 мың доллар сұрады»: Ринат Зайытов 20 жылға сотталған Арман Жұмагелдиевке қатысты ойын айтты

Мәжіліс депутаты, айтыскер ақын Ринат Зайытов 20 жылға сотталған Арман Жұмагелдиевке қатысты өз ойын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Халық қалаулысы Дикий Арманмен таныстығын Adal Adam подкастында айтып берді.

“2021 жылдың аяғында “Алатау” театрында жүргенде Түркияға бардық. Әкімдіктің жанынан гастролдік сапар ұйымдастырылды. 70 шақты өнер өкілдері қатысты. Сол жақта режиссеріміз LED экран керек деді. Жалға берушілер 12 мың доллар сұрады. Әкімдіктің берген ақшасын әрең жеткізіп отырғанда ондай ақша төлей алмайтынымыз белгілі. Сол жерде бір театрдың әншісі “Арман Жұмагелдиевпен араласып тұрамыз. Сол кісі бізге көмектесе алатын шығар, хабарласып көрейік” деді. Содан телефон арқылы өзім хабарластым. “Мәселе жоқ” деді. Тіптен, ойланған да жоқ. Кейін ол экран керек емес болды да, біз бас тарттық. Бірақ шетелде жүріп, 70 қазақтың мәселесін бір секундта шешіп тастағаны мені риза қылды”, – деді айтыскер ақын.

Еске салайық, Дикий Арманның адвокаты Қостанайдағы тергеу изоляторында құқығы бұзылғанын мәлімдеген еді.

Дикий Арман деген атпен танымал Арман Жұмагелдиевтің адвокаты Виктор Кривоносов Қостанайдағы тергеу изоляторында оның құқығы бұзылғанын мәлімдеді. Өйткені адвокаттан қорғауындағы адаммен кездесу үшін шалбарын шешуді сұраған.

«Қостанай қаласындағы №76 тергеу изоляторында адвокаттардың құқықтары мен адамдық ар-намысы өрескел бұзылады. Клиентіне барар алдында адвокаттар шалбарын шешуі керек. Елдегі басқа тергеу изоляторларында мұндай масқара жоқ», – деді Кривоносов.

Бұған дейін Арман Жұмагелдиевтің қылмыстық тобы, жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырғаны және азаматтарды ұрлағаны үшін сотталғанын жаздық.

Другие новости

Back to top button