Госорганы

11 млн теңге пара алған: «Жолаушылар тасымалы» АҚ филиалының басшысы ұсталды

Күдікті осы жылдың 20 желтоқсанында күдікті ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Жолаушылар тасымалы» АҚ филиалы – «Қала маңы тасымалы» басшыларының біріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Бұл туралы Azattyq Ruhyведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Акционерлік қоғамы филиалының директоры 2020 жылдың қыркүйегі мен осы жылдың желтоқсаны аралығында жолаушылар вагондарын жөндеу бойынша қызмет көрсетушінің пайдасына жасаған әрекеттері мен жалпы қамқорлығы үшін жүйелі негізде ақшалай қаражат алды деп күдіктелуде. Алынған пара сомасы 11 миллион теңгеден асады.

«Осы жылдың 20 желтоқсанында күдікті ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды. Тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етуге жатпайды», — делінген ведомство хабарламасында.

Другие новости

Back to top button