Ақша

10 желтоқсанға арналған доллар, мұнай және алтын бағасы

Бүгін таңертең халықаралық нарықтарда шикізат тауарларының бағасы төмендеді, ал Қазақстандағы айырбастау орындарында доллар бағамы өсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мұнай

Brent маркалы мұнайдың бағасы 0,36%-ға төмендеп, бір баррельдің құны 71,88 долларды құрады. WTI маркалы мұнайдың фьючерстері 0,42%-ға арзандап, бір баррель үшін 68,08 доллар болды.

Алтын

Алтын бағасы өсті. Алтынның фьючерстерінің құны 1,41%-ға көтеріліп, бір унциясы 2 670,23 долларды құрады. Бұл нақты уақыттағы көрсеткіштер (10 желтоқсан, 9:00).

Доллар бағамы

Қазақстанның валюта нарығында да белсенділік байқалады. Алматыда айырбастау орындарында АҚШ долларын орташа есеппен 507 теңгеден сатып алып512 теңгеден сатуда. Астанада курс сәл өзгеше – долларды 509 теңгеден сатып алып516 теңгеден сатуда.

Другие новости

Back to top button