Главное

1 шілдеден бастап кімдер міндетті зейнетақы жарналарын төлей бастайды

Бұған дейін азаматтардың белгілі бір санаты МЗЖ-ны ерікті түрле төлеп келді

Биылғы 1 шілдеден елімізде Әлеуметтік кодекс өз күшіне енуіне орай міндетті зейнетақы жарнасын төлейтіндерге қатысты тәртіп те өзгермек, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Міндетті зейнетақы жарналары – жұмыс беруші БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотына төлейтін ақшалай мәндегі еңбекақы мен өзге де кірістердің барлық түрінің 10% бөлігі. Бұл ереже еңбек шарты бойынша да, заңды тұлғамен жасалған азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша да қызметкерлерге қолданылады.

2023 жылғы 1 шілдеге дейін азаматтардың мына санаттары БЖЗҚ-ға МЗЖ төлеуге құқылы, бірақ міндетті емес болып келді:

  • салық агенттері саналмайтын жеке тұлғалармен жасалған, нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын жеке тұлғалар;
  • Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінде және консулдық мекемелерінде жұмыс істейтін жеке тұлғалар.

2023 жылғы 1 шілдеден бастап жоғарыда аталған барлық тұлғалар БЖЗҚ-ға МЗЖ төлеуге міндетті болады.

МЗЖ төлеу екінші деңгейдегі банктер арқылы қолма-қол ақшамен не қолма-қол ақшасыз тәсілмен Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады. Ол өз кезегінде оны пайдасына осы жарналар аударылатын жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне сәйкес БЖЗҚ-ға аударады.

Бұл шара халықты болашақта лайықты төлемдермен қамтамасыз етуді көздейтін жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамту аясын ұлғайтуға ықпал етеді.

Другие новости

Back to top button