Зорлыққа шыдамай 10-қабаттан секірген: Павлодарда бес ай өткен соң жасөспірімді зорлады деген күдікпен үшінші адам ұсталды
Павлодарда 16 жастағы қыз зорлыққа шыдамай 10-қабаттан секіріп кеткен. НеМолчи қорының басшысы Дина Смайылова бес ай өткен соң бұл іске қатысы бар үшінші күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Еске салайық, 16 жастағы Ксения Павлодардағы пәтерлердің бірінде зорланған. Болған жағдай туралы қыздың әпкесі мәлімдеді.
«Павлодарда үшінші күдікті қамауға алынды. Адвокат Гүлмира Қажиеваға қамаққа қол жеткізу үшін бес ай қажет болды», – делінген жазбада.
Дина Смайылованың сөзінше, Ксенияға бірнеше рет ота жасалған. Қазір ол Павлодарда ем қабылдап жатыр. Дегенмен қалпына келуге және оңалту үшін ұзақ уақыт керек екен.
Айта кетейік, Павлодарда бір топ ер адам зорлап, кейін 10-қабаттан секіріп кеткен қыздың әпкесі патронат анасының тарапынан қысым көргенін мәлімдеген еді. сөзінше, әйел Ксенияны күдіктілердің біріне тұрмысқа беруді ұсынған.
Зардап шеккен жасөспірімнің әпкесі ұсынған аудиохабарламада күдіктілердің бірінің әкесі патронат анамен кездескені жайлы айтылған.
«Ол кісі маған келді. Тіпті аяп кеттім. Ксенияны да аяймын. Дегенмен бұл кімге жеңіл болады? Ол балалар үшін барлығын жасайтынын айтты, бастысы, ұлын қамауға алмаса дейді. Жалғыз ұлы екен. Қазір жасы 18-де, тіпті 15 жылға дейін сотталуы мүмкін. Тек ата-анасы ғана қиналады. Ойланып көрші, кімге жеңіл болады. Тек ата-анасының қиналатыны жаман”, – делінген жазбада.