Социум

Зеленский: Соғыстың аяқталуына көбісі ойлағаннан да аз қалды

Украина президенті Владимир Зеленский Украинадағы соғыстың аяқталуына көбісі ойлағаннан да аз қалғанын мәлімдеп, одақтастарын елдің әскерін күшейте түсуге шақырды, деп хабарлайді Ulysmedia.kz.

ЖЕҢІС ЖОСПАРЫ

«Жеңіс жоспары – бұл Украинаны күшейту. Сондықтан да біз достарымызды, одақтастарымызды бізді күшейтуге шақырамыз. Бұл – өте маңызды. Меніңше, бейбітшілік біз ойлағаннан да жақын. Біз соғыстың аяқталуына жақындап қалдық» деді Зеленский ABC News-ке берген сұхбатында.

ЗЕЛЕНСКИЙДІҢ АҚШ-ҚА САПАРЫ

Украина президенті ресми сапармен жексенбіден бері АҚШ-та жүр. Ол АҚШ президенті Джо Байденге, Конгресс мүшелеріне, президенттікке кандидат Камала Харрис пен Дональд Трампқа украиналық «жеңіс жоспарын» таныстырмақ.

ЖОСПАРДЫҢ МӘНІ

Times мәліметінше, Владимир Зеленский Джо Байденге ұсынатын жоспар негізгі төрт бөлімнен тұрады.

— батыстың ел қауіпсіздігіне кепіл болуы туралы, НАТО-ға мүшелікке өту жағдайында бірлесе қорғану туралы өтініш;

— аумақтық мүмкіндік ретінде Украинаның Ресейдегі Курск облысына шабуылын жалғастыру;

— белгілі бір заманауи қаруларды беру туралы өтініш;

— Украинаның қираған экономикасы үшін халықаралық қаржылық көмек.

Сондай-ақ Зеленский Байденнен президент сайлауында Дональд Трамп жеңсе, Украинаны тиімсіз бейбітшілік келісіміне мәжбүрлемейтін «қауіпсіздік кепілін» талап етпек.

Другие новости

Back to top button