Главное

Зеленский Путинмен тікелей кездесуге ниетті

Украина президенті Владимир Зеленский 15 мамырда Түркияда Ресей басшысы Владимир Путинді жеке өзі күтетіні туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Біз ертеңнен бастап атыстың толық әрі ұзақ мерзімді тоқтауын күтеміз – бұл дипломатияға қажетті негіз болмақ. Қан төгуді созудың мәні жоқ. Мен бейсенбіде Түркияда Путинді жеке өзім күтемін», – деді Зеленский.

Сонымен қатар, Украина басшысы Ресей тарапы бұл жолы «кездесуге келмейтін себептер» іздемейді деп үміттенетінін жеткізді.

Айта кетейік, 10 мамыр күні Киевке бірқатар Еуропа елдерінің басшылары келіп, Украина президентімен келіссөздер жүргізген болатын. Олар АҚШ Президенті Дональд Трамппен де телефон арқылы сөйлесіп, атысты 30 күнге тоқтату бойынша бірыңғай ұстанымға келген.

«Украина мен оның одақтастары атысты шартсыз 30 күнге тоқтатуға дайын», – деп мәлімдеді ол.

Алайда, 11 мамырға қараған түні Ресей президенті Владимир Путин Украина тарапынан 12 мамырда атысты тоқтату туралы ұсынысты қабылдамай, келіссөздерді 2022 жылы Ыстамбулда басталған форматта 15 мамырдан кейін қайта жалғастыруды ұсынды.

Другие новости

Back to top button