Главное

Зеленский Путинмен бетпе-бет кездессе не жайлы сөйлесетінін айтты

Украина президенті Владимир Зеленский Владимир Путинмен Ыстамбұлда өтуі мүмкін кездесуде қандай тақырыптарды талқылауды көздеп отырғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

НЕГІЗГІ ТАҚЫРЫП – АТЫСТЫ ТОҚТАТУ

DW басылымының жазуынша, Зеленский Путинмен Ыстамбұлда кездессе соғысты толығымен тоқтату және тұтқындарды алмастыру мәселелерін көтеруді жоспарлап отыр.

— Егер мен онымен кездессем, біз бұл кездесуден кейін саяси жеңіске жетуіміз керек – атысты тоқтатып, тұтқындармен толық алмасу немесе соған ұқсас келісімдерге қол жеткізуіміз қажет, – деді Зеленский француздық Libération газетіне берген сұхбатында.

СЕНІМ ЖОҚ

Зеленский атысты тоқтату туралы кез келген келісімді жүзеге асыру – ең күрделі мәселе екенін атап өтті.

— Ресейліктер бізге сенбейді, біз де оларға сенбейміз, – деді ол.

Сондықтан мұндай келісімнің сақталуына тек сыртқы делдалдар кепіл бола алатынын жеткізді.

ПУТИН КЕЛМЕСЕ ЖЕҢІЛДІ ДЕГЕН СӨЗ

Зеленскийдің пікірінше, АҚШ президенті Дональд Трамптың қатысуы Ресей президентін келіссөзге келуге итермелеуі мүмкін.

— Егер Путин келмесе, бұл ол толық жеңілді деген сөз, – деді Украина басшысы.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Зеленский Путинмен жеке кездесуге дайын екенін мәлімдеген болатын. Ал 11 мамырға қараған түні Владимир Путин Кремльде сөйлеген сөзінде Украинаға тікелей келіссөздерді қайта бастауға ұсыныс жасады. Ол келіссөздердің 2022 жылы үзілгенін айтып, 15 мамырда Ыстамбұлда алдын ала талаптарсыз кездесуді ұсынды.

Другие новости

Back to top button