Госорганы

Зейнетақы қорындағы қаражатқа биыл 140 вагон алынды – Қарабаев

Мәжіліс кулуарында Көлік министрі Марат Қарабаев зейнетақы қорындағы ақшаға қанша жолаушылар вагоны сатып алынғаны жөнінде сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Оның сөзінше, барлық вагон отандық зауыттардан алынған.

«Зейнетақы қорындағы ақшаға жаңа отандық жолаушылар вагондары сатып алынды. Былтыр 118 вагон, биыл тағы да 140 вагон сатып алынды. Қосымша тағы 350 отандық вагонды сатып алуды жоспарлап отырмыз. Бұлар Петропавл қаласындағы зауыттан шығатын вагондар екенін атап өтейік. Оған қоса қолымызда бар Штадлердің жаңа шығаратын 547 вагоны сатып алынады», — деді министр.

Қарабаев зейнетақы қорынан қанша қаржы жұмсалғанын айтудан бас тартты.

«Қаржы сомасын білу үшін жобаны қаржыландырған Бәйтерекке (ред. — Ұлттық басқарушы холдингі)  жүгінуіңізді сұраймын», — деді ол.

Другие новости

Back to top button