Зардап шеккен екібастұздықтар әкімге өтініш жаза алады
![](https://matritca.kz/wp-content/uploads/2022/11/15f91d1d-2ba0-49ca-8850-805d43a0ce9e-780x450.jpeg)
Екібастұз қаласының аумағында техногендік сипаттағы ТЖ режимін енгізу салдарынан қала әкімі ыстық тамақпен және демалыс орындарымен қамтамасыз ете отырып, жылыту пункттерін ұйымдастырған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Тұрғын үй-жайларда батареяларды жібіту немесе жылу болмаған жағдайда әкімдіктің сенім телефонына хабарласу қажет:
+7(7187)740041;
+77002997806;
WhatsApp: 87013387624;
+77076279332
телефон 112.
Төтенше жағдай кезінде шығынға ұшыраған азаматтар Екібастұз қаласы әкімінің атына еркін нысандағы өтінішпен жүгінеді, онда олар:
— өтініш берушінің деректемелері (жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі);
— нақты тұрғылықты жерінің мекенжайы;
— зақымдану себебі.
Өтініштер күн сайын сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін мына мекенжайлар бойынша қабылданады:
1) № 17 орта мектеп – Рабочая көшесі 1 мекенжайы бойынша жылу пункті;
2) № 4 орта мектеп – Абай көшесі 84 мекенжайы бойынша жылу пункті;
3) No 23 орта мектеп – Сәтбаев көшесі 24 мекенжайы бойынша жылу пункті;
4) No 36 орта мектеп – Сәтбаев көшесі 23 мекенжайы бойынша жылу пункті;
5) No 22 орта мектеп – Әуезов көшесі 54а мекенжайы бойынша жылу пункті;
6) No 21 орта мектеп – Петренко көшесі 7 мекенжайы бойынша жылу пункті;
7)«Өнер» МКК – Әуезов көшесі 62а мекенжайы бойынша жылу пункті;
8) музыкалық мектеп – Әуезов көшесі 55/1 мекенжайы бойынша жылу пункті.
3. Сіздің өтінішіңізді тіркегеннен кейін әкімдік тұрғын үйіңізге залалды одан әрі өтеу үшін анықтаумен комиссиялық тексеру жүргізеді.