Социум

Ысқырық, қолшам, дәрі-дәрмек: Жер сілкінгенде ала шығатын «дабыл шабаданына» не салу керек

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Әнуар Юсупов жер сілкінісіне қалай дайындалып, «дабыл сөмкесіне» қандай заттар салу керек екенін айтты.

Спикер «дабыл шабаданын» үйде қарапайым рюкзакқа, сөмкеге немесе шабаданға салып жинауға болатынын атап өтті.

«Біріншіден, алғашқы көмек көрсететін қажетті дәрі-дәрмек салынған медициналық жәрдем қобдишасы, жылы киім-кешек, фонарь, консерві мен батырмалы телефон болуы керек. Оның қуаты бар болса бір апта немесе тіпті 10 күнге дейін жетеді. Сондай-ақ міндетті түрде ысқырық болуы шарт. Түркиядағы жер сілкінісінің тәжірибесіне сүйенсек, бір минуттық үнсіздік жарияланған кезде адамның қай жерде екенін ысқырық арқылы анықтап, тауып отырды. Бұл әрбір алматылықтың дабыл сөмкесінде болуы қажет», — деді Әнуар Юсупов.

Дабыл сөмкесі — төтенше жағдай кезінде қажетті заттар салынатын жиынтық.

Ең алдымен не алып шығу керек: ақша, құжаттар, алғашқы көмек жинағы, су, консервіленген тамақ, жоғары калориялы тағам, жеке гигиена құралдары, жылы киімдер, жылы көрпе, радиоқабылдағыш, батареямен жұмыс істейтін фонарь, сіріңкелер, ысқырғыш.

Другие новости

Back to top button