Бизнес

VK Tech Қазақстанда бұлтты Data Lakehouse бета-нұсқасын іске қосады

VK Tech-тің VDP Lakehouse — бұл компанияларға деректерді сақтау және өңдеу құнын 10 есе төмендетуге мүмкіндік беретін басқармалы бұлтты қызметтердегі үлкен деректер платформасы.

VDP Lakehouse — «дерек көлдері» (Data Lake) және корпоративтік деректер қоймасының (Data Warehouse) ең жақсы элементтерін біріктіретін деректерді сақтау мен талдаудың жаңа тәсілі. Бұл деректерді сақтауды арзандатуға, бірнеше көздерден алынған деректерді өңдеуге және қызметке жүктеме өскен жағдайда қуат көлемін арттыруға мүмкіндік береді.

Шешім жүктемеге икемді бейімделуді қамтамасыз ете отырып, қызметтерді басқаруға мүмкіндік беретін жаңа буын архитектурасы негізінде жүзеге асырылған. Сақтау орны мен есептеу ресурстарын масштабтау бір-біріне тәуелсіз жүреді.

Егер сақтау орны жеткіліксіз болса, онда сақтау масштабталады, егер есептеу жеткіліксіз болса, онда есептеу масштабталады. Олар дербес түрде басқарылады. Осының арқасында ТСО (меншік құны) қосымша төмендейді.

VDP Lakehouse негізінде — VK Cloud-тың Object Storage S3-қоймасы, ACID транзакциялары мен метадеректеріне арналған Cloud Trino және Iceberg SQL-сұрауларының таратылған орындау жүйесі жатыр. Платформаның барлық компоненттері «қораптан шығара салып» жұмыс істеуге дайын. Пайдаланушыларға қызметті басқаруға уақыт пен ресурс жұмсаудың, компоненттер арасында интеграция орнатып, платформамен жұмыс істеу үшін қызметкерлер құрамын кеңейтудің қажеті жоқ.

VDP Lakehouse құрамында өзгертілген танымал опенсорс-компоненттерін пайдалану компанияларға лицензияларды сатып алмай-ақ, нақты тұтынылған ресурстар үшін ғана төленетін ірі жобалармен жұмыс істеу үшін заманауи стек алуға мүмкіндік береді.

Бірнеше көздерге параллель қосылу арқылы Cloud Trino ETL-процестеріне уақыт қысқартуға, шикі деректерді өңдеуді жылдамдатуға және Self-Service-аналитикасын оңай құрып, шынайы уақытта құнды инсайттар алу үшін компаниялардың түрлі бөлімдеріндегі пайдаланушы деректеріне жылдам қол жеткізуге мүмкіндік береді. Object Storage S3-қоймасын пайдалану бұлттағы 1 ГБ деректерді сақтау құнын 10 есе азайтуға мүмкіндік туғызады. Trino негізіндегі бұлтты Kubernetes бизнес қажеттіліктері мен жүктемелері өскен сайын инфрақұрылымды жедел кеңейтуге жағдай жасайды.

«VK Cloud-тың жаңа бұлтты қызметі үлкен деректер массивімен жұмыс істейтін компанияларға көмектеседі. Мысалы, қаржы саласы, бөлшек сауда немесе өнеркәсіп өкілдері. Қазақстандағы VK Cloud бұлтты платформасының ISO және PCI DSS сертификатталуы, №94-V заңға сәйкестігі және Қазақстан аумағында деректерді сақтауы ақпараттық қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Жаңа пайдаланушылар Қазақстандағы VK Cloud-тан 24 000 теңге грантымен тиімді шарттарда жаңа сервисті сынап көре алады», — деп атап өтті Қазақстандағы VК Cloud Технологиялық даму жетекшісі Болат Қажкенов.

VK Tech —  күнделікті бизнес міндеттерін шешуге арналған корпоративтік БЖ әзірлеушісі. VК Tech қоржыны — бұлтқа негізделген платформаны, деректер қызметтерін, өнімділік қызметтерін, бизнес-қолданбаларды қамтитын бағдарламалық өнімдердің дайын экожүйесі. VK Tech өнімдері лицензия (On-Premise) және жазылым (On-Cloud) форматында ұсынылады, бұл оларды кез-келген көлемдегі компанияларға қол жетімді етеді.

VК Cloud — Қазақстандағы бизнесті цифрландыруға арналған платформа. VK Cloud ашық код негізінде интернет қызметтері мен технологияларын дамытуда көп жылдық тәжірибесі бар VK Tech шешімдер қоржынына кіреді. VK Cloud өнімдерінің арасында инфрақұрылымдық және платформалық бұлтты қызметтер, сондай-ақ Private Cloud инсталляциясы аясында және софт ретінде Public Cloud-та қол жетімді Dev Platform сияқты кешенді шешімдер бар. Компания клиенттері: Kassa24, Voximplant, Daribar.kz, Битрикс 24 және өз салаларының басқа да ірі ойыншылары.

 

 

 

Другие новости

Back to top button