Бизнес

VK Cloud Қазақстанда платформаның аналитикалық құралдарының мүмкіндіктерін кеңейтті

Қазақстандағы VK Cloud пайдаланушылары үшін бұлттық Arenadata DB (ADB) деректер қорын басқару жүйесі (ДҚБЖ) қолжетімді болды. Оның көмегімен компаниялар инфрақұрылым енгізуге және ұстауға шығын шығармай-ақ, аналитикалық мәселелерді шешу үшін бірыңғай корпоративтік деректер қоймасын жасай алады. Arenadata DB пайдалану сатылымдарды талдауды, сатып алуды жоспарлауды, ML үлгілерін оқыту үшін деректер жинауды және басқа бизнес міндеттерді шешуді жылдамдатады.

Arenadata DB әртүрлі АТ жүйелері үшін бытыраңқы ақпаратты бір стандартқа келтіруге және оны өңдеуді жылдамдатуға мүмкіндік береді. VK Cloud платформасындағы ДҚБЖ провайдер жағында дайын инфрақұрылымы және әкімшілігі бар басқарылатын бұлттық сервис форматында ұсынылған. Бизнес нақты пайдаланылған ресурстардың ақысын төлеп, бір-екі басып-ақ деректерді сақтау және өңдеу қорын ұйымдастыра алады.

VK Cloud бизнесті цифрландыру платформасы дербес деректерді қорғау туралы Қазақстан заңнамасының талаптарына және PCI DSS төлем карталары деректерін қорғаудың халықаралық стандартына сай.

***

Қазақстандағы VK Cloud 20-дан астам дайын инфрақұрылымдық және платформалық бұлттық сервистерді — IaaS және PaaS біріктіреді. Олар ірі, орта, шағын бизнес пен стартаптардың цифрлық құралдарға деген қажеттіліктерін кешенді қанағаттандырады. Бір-екі басып-ақ команда деректерді сақтау және өңдеу, бірлесіп әзірлеу және басқа да жұмыстар үшін сервистерді ұйымдастырып жібере алады. Бұлттық технологиялар жобаның жүктемесіне қарай есептеу ресурстарын пайдалану ауқымын нақты уақыт режимінде кеңейтуге немесе тарылтуға мүмкіндік береді. Бұлттық сервистерді басқаруды және қолдау көрсетуді VK Cloud командасы қамтамасыз етеді. Бұлттық сервистер үшін төлем теңгемен жүргізіледі. Шоттар Pay-as-you-go үлгісі бойынша — тек нақты пайдаланылған ресурстар мен құралдар үшін ғана беріледі.

Arenadata компаниялар тобы — деректермен жұмыс істеуге арналған бағдарламалық жасақтаманың жетекші әзірлеушісі, Ресейдегі ең ірі сақтау қоймалары үшін алуан түрлі шешімдерді жеткізуші, деректерді басқару және өңдеу нарығында коммерциялық енгізу саны бойынша көшбасшы. Arenadata платформасы деректермен жұмыс істеу қажеттіліктерінің кең ауқымын қанағаттандырады: мұрағаттық ақпаратты сақтау мен өңдеуден бастап деректерді нақты уақыт режимінде жылдам жаңартуға дейін. Топтың өнімдері мен қызметтерін Ресейдің 100-ден астам ірі компаниялары пайдаланады, клиенттердің 60% «РБК-500» рейтингіне кірген.

Другие новости

Back to top button