Госорганы
Ветеринария саласына түбегейлі өзгеріс енгізу қажет – Мәжіліс депутаты
Нұржан Әшімбетов ветеринария қызметінде олқылық көптігін айтты

Жиынға бір топ депутаттар мен министрлік өкілдері қатысты. Олар елордадағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетіне барып, саладағы сан түрлі мәселелер бойынша сөз қозғады.
«Ветеринарлық қызмет басынан бастап министрліктен бастап аяғына дейін соған үлкен өзгерістер енгізуіміз керек. Электронды платформа өте нашар жұмыс істеп жатыр. Содан кейін мынау вакциналар бойынша өте көп мәселелер көтеріліп жатыр. Кейбір вакциналар жұмыс істемейді. Шетелден көп вакциналар сатып аламыз. Өзіміздегі шығарған вакциналарды неге пайдаланбаймыз. Сондай сұрақтар туғызып отыр», — деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Нұржан Әшімбетов.