Спорт

Василий Левит Астана қаласының спортын басқарады

 Бокстан әлем чемпионы Василий Левит Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Sporttime.kz –ке сілтеме жасап.

Василий Левит 1988 жылы Қостанай облысында туған.  Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, екі олимпиада ойындарының қатысушысы.

2016 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері, Қазақстан тарихындағы алғашқы үш дүркін Азия чемпионы, Азия чемпионатының екі дүркін жүлдегері, бокстан халықаралық және ұлттық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы.

Ол 2022 жылдан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызметкерлерді физикалық шынықтыру басқармасының басшысы болып қызмет атқарды.

Другие новости

Back to top button