Ақша

Валюта бағамы: 28 қыркүйекте доллар қанша теңгеден сатылып жатыр

Ресей рублінің ресми бағамы 8,24 теңге болды

Қазақстанның Ұлттық банкі 28 қыркүйекке арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі.

Бүгін, яғни сәрсенбі күні доллардың ресми бағамы аздап көтеріліп, 478,9 теңгеге тең болды.

Айта кетейік, америкалық валютаның 27 қыркүйектегі ресми бағамы 477,37 теңге болған еді.

Ресей рублінің ресми бағамы 8,24 теңге болды.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 478 теңгеден сатып алынып, 483 теңгеден сатылып жатыр. Астананың ақша айырбастау орындарында орташа есеппен 475-476 теңгеден сатып алынып, 482 теңгеден сатылып жатыр.

Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша:

USD / KZT – 478,9 (АҚШ доллары)

EUR / KZT – 459,98 (еуро)

RUB / KZT – 8,24 (ресейлік рубль)

TRY / KZT – 25,92 (түрік лирасы)

CNY / KZT – 66,82 (қытай юані)

KGS / KZT – 5,88 (қырғыз сомы)

UZS / KZT – 4.34 (өзбек сомы).

 

Другие новости

Back to top button