Главное

«Вахтер мен кітапханашы кінәлі»: Жамбылдағы Құланды мектебінің кітапханасы алтын сататын базарға айналған

Өткен аптада әлеуметтік желіде Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданындағы Құланды мектебіне әлдекімдер қорап-қорап алтын әкеліп, оны мектептің ішінде, мұғалімдерге сатқаны туралы фото жарияланған еді. Azattyq Rýhy. редакциясы осы мәселе бойынша Жамбыл облысының білім басқармасынан ресми мәлімет сұратқан еді.

Білім басқармасы бұл оқиғаның болғанын растады: мектептің кітапханасындағы «базар» 2 сәуірде «ашылған» екен, бұл туралы директор 3 сәуірде біліп, кінәлілерді тауыпты.

«Осы мәселе бойынша Т.Рысқұлов аудандық білім бөлімі тарапынан мән-жайды анықтау мақсатында мектеп әкімшілігінен түсініктеме алынып, білім мекемесіндегі бақылауды әлсіретіп, заң бұзушылықтарға жол бергені үшін мектеп әкімшілігіне тәртіптік шара қолданылды», — деп хабарлайды білім басқармасы бізге берген жауабында.

Ал, мектеп әкімшілігі өз тарапынан мектепке бөтен адамдарды кіргізген вахтер мен алтындарды кітапханаға жайып қойғаны үшін кітапханашысы жазалаған.

«Мектеп әкімшілігінің мәліметіне сәйкес, бұл оқиға 2025 жылдың 2 сәуір күні орын алған. 3 сәуір күні бөгде адамды білім мекемесіне кіргізген үшін және жұмысына салғырт қарағаны үшін вахтер мен кітапханашыға қатысты директор тарапынан тәртіптік шара қолданылды», — деп хабарлайды Жамбыл облысының білім басқармасы.

Другие новости

Back to top button