Госорганы

Ұзақ уақыт аусылдан ада мәртебесін ала алмай отырмыз – Әлихан Смайылов

Қазақстан ұзақ уақыт аусылдан ада мәртебесін ала алмай отыр. Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

«Дүниежүзілік жануарлар саулығы ұйымы бойынша Қазақстан ұзақ уақыт бойы аусылдан ада мәртебесін ала алмай жүр. Бұл жұмысты биылғы мамыр айында аяқтау жоспарланған болатын. Бірақ ол уақытылы жүргізілмеді. Сондықтан халықаралық ұйымнан мақұлдау алынған жоқ. Бұл отандық мал шаруашылығы өнімдерін жеткізу географиясын кеңейтуге, оны өндіруді ынталандыруға мүмкіндік бермейді. Яғни, бұл ветеринарлық қызметтің әлсіз жұмысының дәлелі екенін айтқым келеді. Халықаралық озық тәжірибені ескере отырып, оның қызметін қайта қарау қажет», — деді Премьер-Министр Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Ә. Смайылов Ауыл шаруашылығы министрлігіне жыл соңына дейін аусылдан ада мәртебесін алуды тапсырды.

«Осыдан кейін мал шаруашылығы өнімдерін экспорттауға Дүниежүзілік жануарлар саулығы ұйымы енгізген шектеулерді алып тастауға қол жеткізу керек. Экспорттық нарықтарды ашу процесін жеделдету мақсатында импорттаушы елдермен, оның ішінде өңірлерге бөлу қағидатын тануды пайдалана отырып, алдын ала келіссөздер жүргізу қажет», — деді Үкімет басшысы.

 

Другие новости

Back to top button