Госорганы

Утильалым бойынша петицияға қатысты 5 шілдеде маңызды шешім қабылданады (ВИДЕО)

Қазақстанда утильалымды алып тастауға қатысты жарияланған петиция бойныша комиссия 5 шілдеге дейін шешім қабылдауы керек. Бұл туралы бүгін үкімет отырысынан кейінгі брифингте Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

 

«Қазір петицияға қатысты комиссия құрылып жатыр. 24 мамырдан бастап 5 шілдеге дейін комиссия 50 мың қол жинаған петиция бойынша пікірімізді беруіміз керек», — деп хабарлады Шарлапаев.

Оның айтуынша, петицияны қарастыру, қорытынды шығару тетігіне барлығы 40 күн уақыт беріледі.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандықтар утильалымды жою туралы петиция жариялап, ол 50 мыңнан астам қол жинаған. Ал, заң бойынша билік 50 мыңнан астам адам қол қойған петицияна қарастыруға алу керек.

Другие новости

Back to top button