Главное
Үсік жүріп, жаңбыр жауады: Солтүстік Қазақстанда күн күрт суытады

«Қазгидромет» 2025 жылғы 9-11 қыркүйек аралығына арналған Қазақстандағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері республиканың басым бөлігінде ауа райын батыс циклон мен соған байланысты атмосфералық фронттар басады. Кейбір өңірлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс, оңтүстік шығыста қатты жаңбыр жауып, бұршақ түседі деген болжам бар.
Республика бойынша жел күшейеді, ал солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста және орталықта тұман түседі. Осы аралықта солтүстік өңірлерде ауа температурасы минус 2-ге дейін суытып, үстік жүреді деген болжам бар.