Жетысуская область
Үштөбедегі жас сарбаздар Тоқаевтың алдына тізіліп тұрды
Жетісу облысындағы сапары кезінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үштөбедегі әскери бөлімге барып, жас сарбаздармен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақорда жазғандай, Қасым-Жомарт Тоқаев әскерге шақырылған азаматтармен әңгімелесіп, оларға Отан алдындағы борышын өтеуде сәттілік тіледі.
«Елге қызмет ету – азаматтық борыш. Бұл – өте маңызды жұмыс, қасиетті парыз. Үлкен әскери мансаптарға жетіп, генерал атаныңыздар. Азаматтық міндетті абыроймен атқарыңыздар. Антқа адал болыңыздар!», – деді президент.