Госорганы
Ұшақ апатынан 25 адам аман қалды – ТЖМ
ТЖМ мәлімдеуінше, Ақтаудағы ұшақ апатынан 25 адам тірі қалды, оның ішінде 22 адам ауруханаға түскен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға орнына ТЖД, МӨСҚ, ПД-ның барлығы150 жеке құрамы, 45 бірлік техникасы жұмылдырылды. Жолаушылардың тізімі нақтыланып жатыр.
Бұған дейін ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болғаны белгілі болған.