Госорганы

Ұшақ апаты — Ақтауға Әзербайжанның мемлекеттік органдарының өкілдері келе жатыр

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің тапсырмасы бойынша Мемлекеттік органдардың өкілдері ұшақ апатына байланысты тергеу жұмыстарын жүргізу үшін Қазақстанға кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Аzertag мемлекеттік ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

«Президент Ильхам Әлиевтің тапсырмасы бойынша цифрлық даму және көлік министрі, төтенше жағдайлар министрі, Бас прокурордың орынбасары, денсаулық сақтау министрінің орынбасары, азаматтық авиация мемлекеттік агенттігі директорының орынбасары, «AZAL» әуекомпаниясының вице-президенті және басқа да тиісті мемлекеттік органдардың өкілдері тергеу жүргізу мақсатында оқиға орнына — Қазақстанның Ақтау қаласына кетті», — делінген хабарламада.

Айта кетсек, бүгін Бакуден Грозныйға бет алған «Әзербайжан әуе бағыттары» компаниясына тиесілі ұшақ Ақтау маңында құлап түсті. Бортта 37 Әзірбайжан, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан, 16 РФ азаматы болған. Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, апат орнынан 4 адамның мәйіті табылды, 7 адам ауыр халде жан сақтау бөлімінде жатыр. Әзірге 28 адам аман қалғаны айтылды.

Другие новости

Back to top button