Нур-Султан

«Үш қабырғасын сындырған»: Астанада полицей бөлмішедегі айыптыны ұрғаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды

Астанада полицей әуежайда мас күйінде төбелескен адамды ұрғаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылып, қызметтік атағынан босатылды деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі «NewTimes.kz»порталына сілтеме жасап. 

 

2022 жылғы 21 желтоқсанда Fly Arystan әуе компаниясынан  Шымкент-Астана рейсіне мас күйінде кірген жолаушы туралы хабарлама түскен. Кейін полицейлер ол жолаушыны әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырту үшін полиция бөлмішесіне әкеледі. Жеңіл дәрежелі алкогольдік масаң күйде болған азамат кейін бөлмішеден кетпек болған. Алайда қызметкер оны тоқтату үшін қабырғасының аймағына тізе буынынан соққы берген.

“Салдарынан жәбірленушінің үш қабырғасының сынуы түрінде дене жарақаттары келтірілген. Бұл денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян деп бағаланады. Лауазымды қызметкер қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды. Жәбірленушінің құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірген. Өз құқықтары мен өкілеттіктерінің шегінен анық шығатын әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танылып, сотталады», — делінген сот хабарламасында.

Астана қаласы Есіл аудандық соты полицейді 5 жыл мерзімге мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 5 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Сондай-ақ, сотталушыны полицияның кіші сержанты арнайы атағынан айыру туралы шешім қабылданды. Сот шешімі заңды күшіне енді.

Другие новости

Back to top button