Госорганы

Үш облыста ауа райына байланысты жол жабылды

Хабарламаны елемеген тұрғындарға 103 500 теңге айыппұл салынады

Ақмола, Павлодар және Қарағанды облыстарында бірнеше жол учаскесіне шектеу қойылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ауа райының күрт боран мен көрінудің шектелуіне автокөліктің барлық түрі үшін төмендегі тасжолдарда:

  • Ақмола облысында Астана – Ерейментау – Шідерті автомобиль жолының Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейінгі (16-200 шақырым) аралығында;
  • Павлодар облысында Астана – Ерейментау – Шідерті автомобиль жолының Ақмола облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейінгі (200-254 шақырым) аралығында;
  • Павлодар облысында Қызылорда – Павлодар автомобиль жолының Қарағанды ​​облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейінгі (1135-1206 шақырым) аралығында;
  • Қарағанды ​​облысында Қызылорда – Павлодар автомобиль жолының Молодежный ауылынан Павлодар облысының шекарасына дейінгі (967-1135шақырым) аралығында;
  • Қарағанды ​​облысында Екатеринбург – Алматы тасжолының Теміртау қаласынан Қарағанды ​​қаласына дейінгі (1446-1457 шақырым) аралығында қозғалыс шектелді.

Жол қызметтері күшейтілген режимге көшірілді.

«Трассаның жабылуы туралы хабарламаны елемеген тұрғындар үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес 30 AEK немесе 103 500 теңге айыппұлдан 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу жазасы бар екенін еске саламыз», — делінген «ҚазАвтоЖол» хабарламасында.

Қосымша ақпарат алу үшін «ҚазАвтоЖолдың» тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталығына 1403 қысқа нөмірі бойынша қоңырау шалу қажет.

«Республикалық трассалардың пайдаланушыларын ауа райы болжамын және жолдардың жабылуы туралы БАҚ арқылы таратылып жатқан арнайы хабармаларды жіті бақылауға шақырамыз», — дейді жол қозғалысына жауаптылар.

Другие новости

Back to top button