ГлавноеКызылординская область
Үш баласы мен күйеуі бар келіншек тұрмысқа шығып, жұртты шулатты
Қызылордалық келіншек бойдақ жігітті алдап соқты. Үш баласы, заңды некедегі күйеуі бола тұра ол тұрмысқа шыққан. Қалың малын алған соң ол түрлі сылтау айтып, ізін суытқан.
Айлакер әйелдің жасы – 23-те. Қулықты абысынымен бірігіп істеген көрінеді. Бұл туралы жігіттің туыстары әлеуметтік желіде жазған. Бұл — бірінші жағдай емес, — дейді білетіндер. Қос келіншек бұны бұрыннан кәсіп қылып алғаны айтылады. Ауылда аңқау жігіт көп, соларды құрыққа түсіретін көрінеді, делінген Astana.tv жаңалықтарында.
Ал құзырлы органдар бұл жағдайға қатысты арыз-шағым түспегенін мәлімдеді.
Қызылорда облысы Полиция департаментіне қарасты бөліністерде аталған дерек бойынша арыз-шағым және өтініштер тіркелмеген.