Госорганы

Ұрып-соққаны үшін – 10 тәулік: Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қолданылатын заңға өзгерістер енгізілді

2023 жылғы 20 сәуірде ҚР-ның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер жарияланды. Мұнда тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсеткендерді қамауда ұстау уақыты ұзартылған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Атап айтқанда отбасы-тұрмыстық қатынаста заңсыз әрекеттер үшін 5 тәулікке, (бұрын 5 тәулікке дейін болған), ал дәл сол қылмысты қайталағандар 10 тәулікке (бұрын 10 тәулікке дейін болған) әкімшілік қамауға алынады.

Отбасы-тұрмыстық қатынастарда адам денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтірсе 15 тәулікке, бір жыл ішінде сол қысымын қайталап келсе 25 тәулікке қамауға алу қарастырылған.

Отбасыда ұрып-соққаны үшін – 10 тәулікке, бір жыл бойы қайталап соғып келген болса – 20 тәулікке қамауға алу қарастырылған.

Сонымен қатар 64-баптағы отбасы мүшелерін татуластыру үшін әкімшілік жауапкершіліктен босату алынып тасталды.

Сонымен қатар, бап бойынша сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін және атқару құжатын орындамағандар жауапкершілікке тартылады.

Құқық бұзушының мінез-құлқына байланысты сот белгілеген ерекше талаптарды бұзса 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу белгіленді. Бұған дейін мұндай заң бұзушылыққа 5 АЕК (17 250 теңге) көлемінде айыппұл салу немесе 7 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу қолданылған болатын. Ал мұны бір жыл бойы қайталап келсе, 20 тәулікке қамауға алу тағайындалады.

Другие новости

Back to top button