Алматы
«Ұрып өлтірген»: Алматыда 4 жасар бала өгей әкесінің қолынан қайтыс болды
Полиция ақпаратты растады

Алматыда өгей әке 4 жасар баланы соққығы жығып, соның салдарынан бүлдіршін көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Жантүршігерлік оқиға туралы «НеМолчи» қорының жетекшісі Дина Таңсәрі желідегі парақшасында хабарлады.
«НемолчиKZ» қорына жантүршігерлік ақпарат келіп түсті. 4 жасар сәбиді өгей әкесі ұрып өлтірген. Наурызбай ауданының полиция бөлімінен осы ақпаратты растауды немесе жоққа шығаруды сұраймыз!» — делінген жазбада.
Қалалық полиция департаментінің өкілдері Azattyq Ruhy тілшісіне баланың көз жұмғаны рас екенін, толық ақпаратты кейінірек беретінін мәлімдеді.