Госорганы

Үрімжідегі қытай кәсіпорнында 800 қазақ жұмыс істейді

Үрімжі маңындағы Сишань өнеркәсіптік фермасының паркінде Қытайда жасалған ұсақ-түйек өнімдер шығарылады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Үрімжі маңында жаңа өнеркәсіптік аудан салынып жатыр. Фабрикада жұмыс істейтін адамдар осы ауданға қоныстанған. Онда 38 мың халық тұрады.

Жаңа ауданда халыққа қызмет көрсету орталығы бар. Онда 13 адам қызмет етеді. Қытай қазағы Ернар Нұрбақыт бұл кәсіпорында 2 жылға жуық жұмыс істейтінін айтты.

«Компанияда 800 қазақ жұмыс істейді. Бұл жаңа аудан болғандықтан адамдар әлі аз. Менің қызметіме халықтың мәселесін шешу кіреді. Олар үйлерін жөндеуге қатысты сұрақтарын қоя алады. Сондай-ақ тұрғын үйде егде жастағы адамдарға көмек керек болса да біз жәрдем береміз. Мысалы, менің қарамағыма 150 пәтерлік 4 тұрғын үй кіреді»,- дейді ол.

Фермада қызмет ететіндердің ішінде өзге ұлт өкілдері баршылық. Айта кетейік, индустриалды парк 3 өнеркәсіптік, бір экономикалық ауданнан тұрады.

Другие новости

Back to top button