Главное

ҰҚК мамандары тергеу кезінде Бишімбаевтың телефонының паролін бұза алмай қойған

ҰҚК мамандары сотқа дейінгі тергеу кезінде Қуандық Бишімбаевтың телефонының паролін тауып, оны аша алмай қойған. Бишімбаевтың өзі судьяға телефонның паролін беруден бас тартады, оны тек адвокаттары сотта оқысын деп талап етеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Ұялы телефон заттай дәлел ретінде танылды. Сотқа дейінгі тергеу барысында ҚР ҰҚК бесінші қызметінің 12-ші департаменті телефонға зерттеу жүргізді. Телефонда 6 таңбалы код пароль орнатылған әрі код-парольді қолда бар техникалық құралдармен айналып өту мүмкін болмады деген қорытынды берілді, — деді судья Айжан Құлбаева дүйсенбі күнгі отырыста.

Жаңартылған сот отырысы барысында сотталушының адвокаты Ерлан Ғазымжанов қорғауындағы Бишімбаевтың телефон парольін өз бетінше енгізіп, оның мазмұнын сотта зерделеуге мүмкіндік беруі туралы өтінішхатты жариялаған.

– Сотта зерттеу үшін оны өз бетінше телефонды тек қорғау жағы аша алады. Алайда телефонды ұстай отырып, сот қорғау тарапына оның мазмұнына өз бетінше қол жеткізуге мүмкіндік бермейді. Қорғау тарапы соттың мұндай талабын орындау телефонның мазмұнын жою және түзету үшін бөгде адамдардың қол жеткізу мүмкіндігін жоққа шығармайды деп негізді түрде қорқады, — деп атап өтті адвокат.

Ол Бишімбаевтың телефонына парольді өз бетінше енгізу мүмкіндігін сұрады.

Судья бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тартты.

Судьяның пікірінше, іске қатысы бар телефондағы қолда бар деректерді толық зерделеу үшін құпия сөз сотқа берілуі тиіс.

Бишімбаевтың ісі

Еске сала кетейік, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау 11 наурызда басталды.  Прокурор экс-министр ісінің мән-жайын айтып берді.

Ал Бишімбаев тағылған айыпты мойындамай, ашық сот өткізуді сұрайды. Оған «қинау» (110-баптың 2-бөлігі) және «аса қатігездікпен адам өлтіру» (99-баптың 2-бөлігі) баптарымен айып тағылған. Бұған қоса, Астанадағы «Гастро-орталық» директоры, Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты іс бойынша «қылмысты жасырды» деген күдікпен сотқа тартылып жатыр.

12 наурызда экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау жалғасты. Бұл жолы да журналистер сот залына кіре алған жоқ. БАҚ тарапының базынасын сот қызметкерлері тыңдаған болғанымен, ешбір журналист сот залына кіре алмаған. Тіпті тілшілер полиция шақырып, сот әкімшілігі ақпарат алу құқығынан айырып отырғаны жөнінде арыз жазуына тура келген.

4 сәуір күнгі сотта Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова бүгінгі сотқа Салтанат Нүкенованың денесіне жасалған сараптаманы жарамсыз деп тану қолайсыз деп тану жөнінде өтініш білдірген. Судья бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тартқан.  Ал Бишімбаевтың өзі тергеу изоляторында өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын мәлімдеді.

Прокурор Айжан Аймағанова Қуандық Бишімбаевтан ұрып-соққан жұбайына жедел жәрдем шақырудың орнына неге көріпкелге қоңырау шалғанын сұраған. Бишімбаев “бұл менің үлкен қателігім болды” деп жауап берді.

Алдын ала тыңдаудан кейінгі соттарға журналистер кіруге мүмкіндік алды. Сот барысы Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының ресми сайтынан тікелей эфирден көрсетіледі.

Другие новости

Back to top button