Социум

Үндістанда діни мерекені тойлауға асыққандар бір-бірін таптап өлтірді

Үндістанда теміржол станциясы адамдарға лық толып, кем дегенде 18-і қысылып қаза тапты. Олар Делиде өтетін діни мерекені тойлауға асыққан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. Theguardian-ға сілтеме жасай отырып.

Әр 12 жылда бір келетін Кумбха-мела діни мерекесінде үнділер Ганга, Сипра, Годавари, Сангама сияқты өзендерге жаппай шомылып, күнәдан арылу ғұрпын жасайды. 26 ақпанға дейін жалғасатын мерекені атап өтуге асыққан адамдар пойызға міну үшін таласып, өткен айда 30 адам көз жұмған.

Жергілікті ақпарат құралдарының дерегінше, қаза тапқандар ішінде 10 әйел, 3 бала болған.

Делидегі Лок Наяк ауруханасының дәрігері Саксена Риту 15 өлімді растап, 11 адамның жарақат алғанын айтқан. Тағы бір қалалық аурухана өкілі теміржол вокзалында тапталған 3 адамның көз жұмғанын мәлімдеген.

Үнді діни күнтізбесіндегі маңызды мерекенің бірі Кумбха-мела 6 ай бойы жалғасады. Ресми тұлғалардың мәлімдеуінше, фестиваль басталғалы оған жан-жақтан 500 миллион адам барған. 1954 жылы мерекені тойлауға барған 400 адам бір күнде суға батып, тапталып өлген. 2013 жылы 36 адам қаза тапқан еді.

Другие новости

Back to top button