Культура

«Ұлымның үйленуіне қарсымын»: Әнші Меруерт Түсіпбаева алғаш рет отбасы туралы айтты

Танымал әнші, қазақ эстрадасының аға буын өкілі Меруерт Түсіпбаева алғаш рет отбасы туралы сұраққа жауап берді. Жалғыз ұлын қалай тәрбиелеп жатқанын да айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Ұйқым келмейді” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

 

Жақында әнші Америкадан оралған болатын.

“Құдайға шүкір, 22 жастағы балам бар. Немере бағатын жастамын. Бірақ өз басым баламның қазір үйленуіне қарсымын. Қазір балам жас. Мен оған өмірді көр, әлемді арала деймін. Кейбір әріптестерім секілді «мен тұрмысқа шығамын» деп айта алмаймын. Тұрмысқа шықсам да ол менің жеке шаруам деп ойлаймын. Жалғыз емеспін, мені сүйетін, мені аялайтын азамат бар. Мен ұрссам да, еркелесем де мені кешіреді. Бірақ ақ көйлек киюге менің жасым оған сәйкес келмейді. Мен 52-демін, жан дүнием де 52-де. Жеке бастың шаруасын көптің талқысына салғым келмейді. Жас айырмашылығымыз алшақ. Жалғыз емеспін», – деп шынын айтты әнші.

Сондай-ақ әнші бала тәрбиесіне қатысты да ойын білдірді.

“Мен ата-анамның батасын алмаған баламын. Олар менің өнер адамы болғанымды қаламады. Кішкентай күнімнен бастап, “сен әдемі емессің”, “Дауысың жоқ”, “Жалқаусың” деп өсірген. “Қимай сені барамын” деген әніне бейнебаян түсірдім. Сол кезде өзімнің келбетіме қарап, сұлу екенмін дедім. Ата-анам маған ешқашан әдемі қызсың деп айтқан емес. Мен оған ренжімеймін, өйткені кеңестік тәрбие солай болды. Өте көп шектеліп өстім. Өзім ана болғаннан кейін, ондай сөздерді мүлдем балама айтпадым. “Сен мықтысы, өмірден ләззат ал!”, “Жас кезіңде саяхатта” деп үнемі айтамын. Ұлым қазір шетелде тұрса да, үнемі жақсы сөздер жазып отырамын”, –дейді әнші.

Еске салайық, әнші қоғамды дүр сілкіндірген экс-министрдің ісіне пікір білдіріп, заңды күшейтуді талап еткен болатын. 

Другие новости

Back to top button