Мангистауская область

Улы қалдық қоймасына айналған Қошқар ата көлінде жұмыс неге тоқтап тұр

Маңғыстауда «Қошқар ата» қалдық қоймасын қалпына келтіру жұмыстары жобалық-сметалық құжаттаманы түзетуге байланысты тоқтатылған. Бұл туралы Маңғыстау облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Әсел Балманова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәселені шешу мақсатында Маңғыстау облысының әкімдігі жұмыс жобасын қаржыландыру үшін ҚР Экология министрлігіне өтінім хат жолдаған.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 50 жыл бұрын радиоактивті қалдықтарды орналастыру үшін пайдаланылған «Қошқар ата» қалдық қоймасының құрылысын аяқтаудың өзектілігін атап өтті. Қалпына келтіру жұмысын жандандырып қана қоймай, қорғаныс орман белдеуін құру үшін сексеуіл көшеттерін отырғызуды жалғастыру қажет», — деді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.

Қалдық қоймасы бастапқыда үш өнеркәсіптік кәсіпорын шығаратын радиоактивті қалдықтарды жою үшін пайдаланылған.

Аталған көлді рекультивациялау үшін 2021 жылы республикалық бюджеттен 266,2 гектарға қаражат бөлініп, қалпына келтіру жұмысы жүргізілді.

Айта кетсек, жұмыс 2022 жылы жобаны түзету қажеттілігіне байланысты тоқтатылған.

 

Другие новости

Back to top button