Спорт

«Ұлы дала жорығы-2025»: төртінші күні Астана қаласының командасы жеңімпаз атанды

Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің төртінші кезеңі 13 мамыр күні аяқталды. Таңғы 7.00-де 9 команда Алматы облысының Жамбыл ауданына қарасты Қаншеңгел ауылының маңынан жорықты жалғап, Іле ауданының Ақши ауылы маңынан аяқтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Төртінші кезең яғни бүгінгі күннің қорытындысы бойынша, Астана қаласының командасы жеңімпаз атанды. Ұлытау облысының командасы мәре сызығына екінші болып жетсе, Қырғызстанның бірінші командасы үштікті түйіндеді.

400км қорытындысы
 

 

 

Команда атауы

 

                  Жалпы уақыт

1 Ұлытау облысы 25:21:07
 
2 Астана қаласы 25:48:04
 
3 Маңғыстау облысы 25:57:02
 
4 Қырғызстанның бірінші командасы 26:36:34
 
5 Алматы облысы 28:07:51
 
6 Қырғызстанның екінші командасы 31:02:57
 
7          ШҚО Жарыстан шықты
 
8 Атырау облысы Жарыстан шықты
 
9 Қостанай облысы Жарыстан шықты
 
10 Жетісу облысы Жарыстан шықты
 
11 Жамбыл облысы Жарыстан шықты
 
   12       Абай облысы Жарыстан шықты
 
13 РФ Татарстан Жарыстан шықты
 
14 Ақмола облысы Жарыстан шықты
 
15 Қарағанды облысы Жарыстан шықты
 
16 БҚО Жарыстан шықты
 
17 Мажарстан Жарыстан шықты
 
18 Иран Жарыстан шықты
 
19 Оңтүстік Африка Жарыстан шықты
 

Жол қашықтығы 500 шақырымды құрайды және бағыт Алматы облысының аумағын қамтиды. Марафон ертең 14 мамыр күні Қонаев қаласының «Қарлығаш» шағын ауданында мәреге жетеді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі ертең сағат 18:00-де Қонаев қалалық саябағында өтеді.

  • Қолдау көрсетушілер: «AMANAT» партиясы және Алматы облысының әкімдігі
  • Жобаның басты серіктесі: ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы, «Alageum Electric» компаниясы
  • Ақпараттық серіктестер: «Хабар», «Қазақстан» «Астана» телеарналары.

«Ұлы Дала Жорығы» – үздік жылқы тұқымы анықталатын далалық лаборатория.

Марафон жаңалықтарын www.joryq.kz ресми сайтында, әлеуметтік желілерде бақылаңыз: fb — JORYQ, Instagram — joryqofficial, Tik-Tok — JORYQ, youtube — JORYQ.

Другие новости

Back to top button