Спорт

Ұлттық таэквондо ITF спорт федерациясында дау туды

Ел атын асқақтатып жүрген нағыз мықты спортшылар қаржылай қолдаусыз қалған

Заң бойынша мемлекеттік реестрде жоқ спорт түріне бюджеттен қыруар қаржы бөлініп жатыр. Таэквондо спорты бойынша кейбір бапкерлер мен судьялар жалған құжат жасатып, заңсыз қаржыландырылып келеді. Таэквондо ITF ұлттық спорт федерациясының президенті Айдос Аманжолов осылай деп мәлімеді, деп хабарлайды Qazaqstan арнасы.

Салдарынан, ел атын асқақтатып жүрген нағыз мықты спортшылар қаржылай қолдаусыз қалған. Атап айтсақ, федерация мемлекеттік реестрдің А тобына екі жыл бұрын кірген. Яғни, заң бойынша А тобындағы спорт түрлері мемлекет пен жергілікті бюджеттен қаржыландырылуы тиіс. Алайда, атлеттер бүкіл шығынды өздері көтеріп келеді,-дейді федерация басшысы.

 «Негізі спорт дамытатын дирекция айтқан бізге бөлінеді деп. Береміз деп. Бірақ, спорт комитеті астанадағы, ол бұйрықты шығармады. Мен неге деп сұрадым. Неге жойдыңдар дедім.Бізге бұйрық берді, сізге ештеңе бермесін деп дейді», — деп атап қтті Ұлттық таэквондо ITF спорт федерациясының президенті Айдос Аманжолов.

Бұл мәселеге қатысты тиісті министрлік өкілдерінің айтуларынша, аталмыш Таэквондо ITF федерациясы халықаралық ұйымдармен танылмаған. Сол себептен, жарысқа қатысуға үкіметтен қаржы бөлінбеген.

 «Егер де халықаралық ұйымда қандай да бір спорт түрі ұйымда болмаса, біз Таэквондо ITF федерациясын іссапарға, халықаралық жарыстарға жіберуге мүмкіндігіміз жоқ», — дейді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі олимпиадалық емес спорт түрлері бөлімінің басшысы Бекзат Қасым.

 

Другие новости

Back to top button