Алматы

Ұлттық сапа орталығы байқау үздіктерін марапаттады

Бүгін ҚР Көлік министрлігі «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Алматы қаласы мен Алматы және Жетісу облыстарындағы жолдардың жай-күйі туралы үздік жарияланымдар байқауының жеңімпаздарын анықтады.


БАҚ журналистері мен блогерлер арасында өткен байқауға түскен материалдар саны көп болды. Талаптарға сай және ең үздік деген 44 материал таңдап алынып, оның ішінен үздіктер анықталды.

(11 – телеарналардан, 5 – газеттерден, 21 – сайттардан, 7 – блогерлерден) Материалдарды арнайы құрылған комисия қарады. Конкурста «Үздік телевизиялық сюжет», «Интернет-БАҚ-тағы үздік жарияланым», «Әлеуметтік желідегі ең үздік жазба», «Директордың арнайы сыйлығы» номинация бойынша жеңімпаздар марапатталды. Марапаттау іс-шарасына «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК баспасөз қызметінің жетекшісі Ерлан Атамбай, ЖАҰСО Алматы қалалық филиалының директоры Асхат Үсенов, ЖАҰСО Алматы облыстық филиалының директоры Ержан Жасыбаев қатысты. БАҚ өкілдерін марапаттарымен құттықтаймыз!

 

Другие новости

Back to top button