Госорганы

«Ұлттық қор – балаларға»: министрлік бағдарламаның қашан іске қосылатынын айтты

Келесі жылы жобаны іске қосу үшін қажетті заңнамалық өзгерістер қабылдау жоспарланып отыр

Ұлттық экономиканың бірінші вице – министрі Тимур Жақсылықов Қазіргі уақытта «Ұлттық қор-балаларға» бастамасын іске қосу тәсілдері пысықталып жатқанын хабарлады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Вице – министрдің сөзінше, 18 жасқа дейінгі барлық балаларға жеке жинақтаушы шоттар ашылады, оларға жыл сайын қаражат түседі. Шот операторы ретінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» анықталыпты. Ал бағдарламаның өзі 2024 жылдан бастап жұмыс істейді.

«Жинақталған қаражат кәмелетке толған кезде ғана пайдалануға қолжетімді болады. Келесі жылы жобаны іске қосу үшін қажетті заңнамалық өзгерістер қабылдау жоспарлануда,- деді Жақсылықов Үкімет отырысында.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы жолдауында Мемлекет басшысы Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50% — ын балалардың 18 жасқа толғанға дейінгі арнайы жинақтау шоттарына аударуды ұсынған еді.

Другие новости

Back to top button