Госорганы

Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 14,75% деңгейінде сақтап қалды

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені +/– 1 п.т. дәлізімен жылдық 14,75% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ұлттық Банк хабарлағандай, 2024 жылдың наурыз айында  жылдық инфляция 9,1% болған.

«Инфляция бойынша 5% мақсатқа жету үшін  қатаң ақша-кредит шарттарын сақтау қажет. Қазіргі жағдайда ақша-кредит саясатын жеңілдетуге арналған кеңістік әлі де шектеулі», — деп хабарлады Ұлттық Банктің баспасөз қызметі.

Дереккөзге сүйенсек, Ұлттық Банк базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімін 2024 жылдың 31 мамырында Астана уақытымен сағат 12:00-де жариялайды.

Другие новости

Back to top button