Ұлттық банк 6 қыркүйекке арналған валюта бағамын белгіледі
Өткен тәулікте АҚШ доллары 472.47 теңгеге тең болды

Қазақстанның Ұлттық банкі 6 қыркүйекке арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі.
Бүгін, яғни сейсенбі күні доллардың ресми бағамы сәл көтеріліп, 472.63 теңгеге тең болды.
Айта кетейік, америкалық валютаның 5 қыркүйекте ресми бағамы 472.47 теңге болған еді.
Ресей рублінің ресми бағамы 7.72 теңге болды.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 470 теңгеден сатып алынып, 474 теңгеден сатылып жатыр. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында орташа есеппен 471.5 теңгеден сатып алынып, 474 теңгеден сатылып жатыр.
Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша:
USD / KZT – 472.63 (АҚШ доллары)
EUR / KZT – 468.9 (еуро)
RUB / KZT – 7.72 (ресейлік рубль)
TRY / KZT – 25.93 (түрік лирасы)
CNY / KZT – 68.18 (қытай юані)
KGS / KZT – 5.84 (қырғыз сомы)
UZS / KZT – 4.32 (өзбек сомы).