Госорганы

Улады ма?: Ермұрат Бапи бес айдан бері белгісіз дертке шалдыққан

Ауырып қалып, қазіргі таңда нақты диагноз әлі белгісіз екенін айтқан Ермұрат Бапи Ulysmedia.kz редакициясына мән-жайды айтты. 

Депутаттың сөзінше, ол наурыз айының ортасынан бастап ісініп, он бес күн ауруханаға жатып шыққан.

“Ол жерде түгелдей анализ алып, қан, бауыр, бүйрек, гистология, биопсия, паразит, микробтарға дейін тексерді, бірақ ештеңе таппады. Улану деген ресми диагноз емес, консилиум болған дәрігерлердің арасында айтылған мәселе. Олар мұндай жағдай біздің практикамызда болып көрмеген, бәлкім уланып қалған шығарсыз деді. Оны клеткалық деңгейде тексеру керек екен, бірақ бізде ондай мүмкіндік жоқ. Улану күдігін біздің дәрігерлер анықтай алмайды”, – деді депутат.

Оның сөзінше, қазақстандық дәрігерлер барлық анализден ештеңе таппағандықтан, осындай нұсқа айтылған.

“Әлдекімдер маған хайп қуып жүр дейтін шығар, маған хайптың қажеті жоқ. Хайп қуатын болсам, наурыз айларында-ақ шығар едім ғой. Хайптың заманынан өтіп кеткенмін, маған популизм қажет емес”, – деді депутат.

Ол қазір сайлаушылармен кездесуде жүр. Алматыға келгелі ісінгенім күшейіп кетті дейді депутат.

“Астанада жүрген кезде де бір апта сайын қайталанып шығып тұратын. Қолдан, шынтақтан, қарыннан шығады да, қышиды. Қатты қышып, жаныңды шығарады. Оны қасыған соң ісік пайда болады. Сосын температура көтеріледі. Екі қолдан шығып еді, бүгін білектен шығып жүр”, – деді ол.

ЕСКЕТУ: СУРЕТТІ КӨШІРІП БАСУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

Другие новости

Back to top button