Украинада басқыншылар 215 жыныстық зорлық жасаған
Украинада Ресей әскери күштерінің жасаған жыныстық зорлығының 215 жағдайы тіркелді, оның 143-і әйелдерге қатысты жасалған зорлық-зомбылық. Мұндай деректерді Бас прокурор Андрей Костин АҚШ-тың Хельсинки комиссиясының «украиналық балалар мен әйелдерді Ресей агрессиясынан құтқару» тыңдауына онлайн қатысу кезінде айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Оқиға жәбірленушілерінің айтқаны жағдай туралы нақты түсінік береді. Тыңдау украиналықтың бейнекуәліктерінен басталды, оның немересі, талантты жасөспірімді Ресей әскери күштері толыққанды соғыстың алғашқы күндері өлтірд», — деді Костин.
Ол «498 бала өлтіру мен 19000-нан астам мәжбүрлі депортация жағдайлары ресмиленгенін» еске салды.
Бас прокурор «қақтығысқа байланысты жыныстық зорлық-зомбылықтың құрбандары негізінен әйелдер. Тіркелген 215 жағдайдың 143-і әйел.
Ол бұл тек ресми жағдайлар, нақты сандар айтарлықтай жоғары болуы мүмкін деп қосты.
«Біз әскери қылмыстардан зардап шеккендерге көмектесуге бағытталған тәсілді енгізіп жатырмыз. Ол үшін біз жәбірленушілер мен куәгерлерді қолдаудың үйлестіру орталығын құрдық. Әйелдер мен балалар басты назарда», — деді Костин.
Сондай-ақ, ол Украинаның осы бағыттағы күш-жігерін қолдайтындардың барлығына алғысын білдірді.