Социум

Украина: «ТМД елдері басшыларының Ресейдегі парадқа қатысуын дұшпандыққа балаймыз»

Украина ТМД елдері басшыларының 9 мамырда Мәскеуде өткен әскери парадқа қатысуын «дұшпандық әрекетке» балады.

«Әскери шеруден бір түн бұрын Ресей Федерациясы Украинаны қиратып, адам өлімін көбейте түсу үшін 25 зымыран жіберді, оның ішінде 15-і Киевке түсті», — делінген хабарламада.

Украина ведомствосының мәлімдемесінде Орталық Азия мен Кавказ халықтарының 78 жыл бұрын нацизмді жеңуге баға жетпес үлес қосқаны айтылған.

Енді келіп олардың басшыларының Ресейдегі парадқа қатысуы «Украинаға деген дұшпандық, өз егемендігі мен өмірі үшін күресіп жатқан украин халқына деген құрметсіздік» деп бағалады.

9 мамырда Мәскеуде өткен әскери шеруге Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Беларусь, Армения сияқты ТМД елдерінің жеті президенті қатысқан болатын.

Другие новости

Back to top button