Госорганы

Үкімет зейнетақы жинағының жеткілікті шегін азайту мәселесін қарастыратын болды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Мәжіліс депутатының зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдаланудың жеткілікті шегін төмендету туралы ұсынысы қаралатынын айтты, деп хабарлайды Экспресс К.

Былтыр зейнетақы жинағын пайдаланудың жеткілікті шегі белгіленген болатын. Ол ақшаны халық емделуге және баспана жағдайын жақсартуға пайдалана алды. Енді сол формула жұмыс істейді. Тек пайдалану шегі көтерілді,

— дейді министр.

Оның айтуынша, бұл жалақының ең төменгі мөлшеріне байланысты болып отыр. Шенеунік осы жеткілікті мөлшерді төмендету туралы ұсынысқа қатысты да ойын айтты.

 

Мен ондай ұсыныстарды естідім. Бұл мәселе бойынша қазір жұмыс тобы Ұлттық банкпен, Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігімен бірге жұмыс істеп жатыр. Сондықтан біз мұны жұмыс тобында қарайтын шығармыз,

— деді Тамара Дүйсенова.

 

Осы мәселені Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов бірнеше рет көтерді. Ол көктемде зейнетақы қорындағы шекті мөлшерден артық қаражатты алу мерзімін жыл соңына дейін ұзарту туралы ұсыныс айтқан еді.

 

Одан кейін Жамалов тіпті зейнетақы қорындағы ақшаны халыққа таратып берукерек деді.

 

Другие новости

Back to top button