Үкімет Ұлттық қордан жыл сайын 2 трлн теңгеден алғалы отыр
Ұлттық экономика министрі Азамат Әмрин Үкімет 2025-2027 жылдары Ұлттық қордан қанша қаражат алынғалы отырғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Әмриннің сөзінше, Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт туралы заңда мұнайдың кесімді бағасы 2025 жылы барреліне 42,3 АҚШ доллары, 2026 жылы барреліне 41,0 АҚШ доллары, 2027 жылы барреліне 39,4 АҚШ доллары деңгейінде белгіленген.
– Осыны ескере отырып, 2025-2027 жылдары республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мөлшері жыл сайын 2 трлн теңге көлемінде айқындалды. Нысаналы трансферттің көлемі Бюджет кодексінің 23-бабының талаптарын ескере отырып айқандалған. Оның 3 250 миллиард теңге көлеміндегі бағыттары бойынша менің әріптесім Қаржы вице-министрі баяндайды, – дейді ол.
Әмриннің айтуынша, ережелерді ескере отырып, Ұлттық қордың таза валюталық активтері 2025 жылы 62,2 миллиард АҚШ доллары және 2027 жылға қарай 78,7 миллиард АҚШ доллары деңгейінде болжанады.
Айта кетейік, президент Тоқаев 2030 жылға дейін Ұлттық қордың қаражатын 100 млрд АҚШ долларына жектізуді талап еткен еді.