Главное

Үкімет қосымша құн салығы 16% болса, жәрдемақы мен зейнетақыны 3% өсірмек

Егер үкіметтің ұсынысы бойынша Қазақстанда қосымша құн салығы 16% деңгейінде бекісе, онда үкімет бюджет қызметкерлерінің, зейнеткерлер мен әртүрлі жәрдемақы алатын адамдардың жәрдемақысын 3% көбейтрпек. Бұл туралы бүгін Мәжіліс кулуарында ұлттық экономика вице-министрі Азамат Амрин мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл үшін бюджеттен 800 млрд теңге бөлінбек

Оның айтуынша, үкімет онсыз да инфляцияны ескеріп, әлеуметтік-экономикалық төлемдерді онсыз да 8% өсіріп келеді. Енді оған осы 3 пайыздық өсімді қосса, 11 пайыз болады дейді вице-министр.

«Біз жалақы, зейнетақы, жәрдемақыны қайта есептейміз. Ол үшін бюджеттен 800 млрд теңге қарастырылған», — дейді Амрин.

Другие новости

Back to top button