Госорганы
Үкімет қираған үйлерді жөндеп, салу үшін шетелдік құрылыс материалдарын алып жатыр
Су тасқынынан кейін қираған үйлерді қалына келтіру үшін отандық құрылыс материалдары пайдаланылып жатыр. Алайда, кей материал түрін шетелден тасуға мәжбүрміз. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қазіргі таңда 2343 үйді қайта тұрғызу жоспарланған. Олардың ішінде 1855 үйдің құрылысы басталды. Құрылыс материалдары бойынша отандық өнімдерге басымдақ беріп жатырмыз. Сонымен қатар, ағаш, кірпіш, газоблок – бәрі қазақстандық өнім. Кей материалды шетелден әкелуге мәжбүрміз. Себебі, Қазақстанда ондай өндіріс жоқ. Керамика плитасы Ақтөбеде, Шымкентте зауыт құрылысы жүргізіліп жатыр. Біреуін биыл, екіншісін 2025 жылы іске қосамыз», — деді Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев.
Еске салайық, Су тасқыны салдарынан 4 мыңнан аса үй апатты деп танылса, 9 мыңына жөндеу қажет екені белгілі болды.