Улытауская область

«Үкімет дәлелдеңдер деді»: Ұлытау әкімі өңірге неліктен айрықша статус берілмей отырғанын айтты

Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы не себепті Үкімет өңірге «экологиялық апат алдындағы аймақ» статусын бермей отырғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында Ұлытау әкімі Үкіметке “Экологиялық апат алдындағы аймақ» статусын беру туралы бастама көтергенін атап өтті. Облыс әкімі қазір бұл мәселе қалай шешіліп жатқанына тоқталды.

«Былтыр айтқан бұл жұмыс әлі жүріп жатыр. Үкімет «Дәлелдеңдер» деді. Дәлелдеу үшін біз қаражат бөлдік. «Экосфера» деген компания ұтып алып, сол қаржыға бүкіл облыстың жеріне, суына, ауасына – бәріне зерттеу жүргізіп жатыр. Оның нәтижесі ендігі жылы ғана шығады. Соның қорытындысы бойынша ғана өңір апатты ма, апатты емес пе дегенді нақты айта аламыз. Егер нәтижесі апатты десе, онда біз айрықша статусты сұраймыз. Апатты емес десе, негіздеме жоқ. Онсыз ұсыныстарыңыз негізсіз деп Үкімет қайтарып береді», – деді әкім.

Другие новости

Back to top button