Главное
Үкімет 15 жыл бойы масылдық пен әлеуметтік алаяқтықты қолдап келді – Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев масылдыққа салынып, мемлекетке алақан жайып отырған қазақстандықтар туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Президенттің айтуынша, «бір кездері біздің әлеуметшілер жеңілдетілген төлем төленетін жааң санат – толық емес отбасы категориясын ойлап тапқан». Соның салдарынан ажырасу саны күрт артып кетті.
«Сол себепті көрсеткіштер бойынша біз бір кездері әлемдік антилидерлер тобына қосылдық. Мұндай мысалдар аз емес. Біз жалқаулық пен масылдықты өзіміз көтермелеп отырмыз. Мемлекеттен жәрдемақы алып, соның ішінде әр отбасының мүшесіне атаулы әлеуметтік көмек төленсе, жұмыс істеп не керегі бар?! Басқаша айтсақ, Үкімет әлеуметтік саладағы ақылға қонымды шешімдердің орнына кемі он бес жыл бойы әлеуметтік масылдықты, әлеуметтік алаяқтықты қолдап келді», — дейді Тоқаев өз Жолдауында.