Госорганы

«Үйіңізді су басса…»: Өнеркәсіп министрі кез келген өтемақыға риза болатынын жеткізді

Өнеркәсіп және құрылыс министрі мемлекет тарапынан төленетін кез келген өтемақыға риза екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

БАҚ өкілі Қанат Шарлапаевқа «Су тасқыны кезінде сіздің үйіңіз суға кетті делік. Сізге мемлекет компенсация берді. Сіз оған риза боласыз ба?»деп сұрақ жолдады.

«Егер менің үйім жарамсыз болып қалса, мен мемлекет берген үйге, әрине, риза боламын. Себебі, оны мен қай жерден аламын? Мысалы, басқа елдерге қараңыздар… Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендерге бизнес және мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетіп жатырмыз», — деп жауап берді Шарлапаев Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Другие новости

Back to top button