Госорганы
Үйін тастап, уақытша көшірілгендер саны 11 мыңнан асты

«Су тасқыны басталғаннан бері 11 194 адам, оның ішінде 39 222 бала қауіпсіз жерге жеткізілді. Уақытша орналастыру пунктерінде 6 814 адам, оның ішінде 2 995 бала орналасқан. 11 950 адам үйіне оралды», — деді ол.
Ерасыл Сайпаштың сөзінше, 9 млн 500 мыңнан астам текше метр қар суы сорып шығарылған.
«Сондай-ақ, 2 млн 200 мың қап, 1 млн 200 тонна инертті материал төселді. Бүгінгі таңда авариялық құтқару жұмыстарында 33 334 адам, 4 066 техника, оның ішінде 835 су соратын құрал, 275 жүзу құралы, 11 әуе кемесі жұмыс істеп жатыр», — деді ТЖМ өкілі.